locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Рыбакинасыз қалды: беделді турнирге ұлттық құраманың құрамы жарияланды

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ұлттық құраманың United Cup-2027 турниріне арналған алдын ала өтініміне енбеді. Александр Бублик те құрамда жоқ.
Теннис
Қазақстан Рыбакинасыз қалды: беделді турнирге ұлттық құраманың құрамы жарияланды
Фото: Getty Images

Алдын ала өтінім өзгеріссіз қалса, Қазақстанның теннистен ұлттық құрамасы United Cup-2027 командалық турниріне Елена Рыбакина мен Александр Бубликсіз қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жарысты ұйымдастырушылар 1-10 қаңтар аралығында Австралияда өтетін турнирде чемпиондық атаққа таласатын 18 ұлттық құраманың тізімін жариялады. Қазақстан 2026 жылғы жарысты өткізіп алғаннан кейін турнирге қайта оралады.

Қазақстан құрамасының алдын ала өтініміне Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко және Дмитрий Попко енді. Ал WTA рейтингінде көш бастап тұрған Рыбакина қатысушылар тізімінде жоқ.

Қазақстандық теннисшінің жарысқа қатыспау себебін ұйымдастырушылар нақтылаған жоқ. Бұған дейін Рыбакина денсаулығына байланысты 2026 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтап, WTA қорытынды турниріне қатысудан бас тартқан еді. Алайда бұл жағдайлардың United Cup турниріне берілген өтініммен байланысты екені туралы ресми ақпарат жоқ.

Топтық кезеңде Қазақстан АҚШ және Хорватия құрамаларымен кездеседі. Ұлттық құраманың барлық матчы Австралияның Перт қаласында өтеді.

АҚШ құрамасы сапында Кори Гауфф пен Бен Шелтон өнер көрсетсе, Хорватия құрамасының өтініміне Донна Векич пен Дино Прижмич енген.

Еске салайық, 2025 жылы Қазақстан United Cup турнирінде тарихи жетістікке жетіп, алғаш рет жартылай финалға шықты. Сол кезде құрамында Рыбакина болған ұлттық команда шешуші матчқа жолдама үшін таласта Польшаға жол берді.

Алдағы турнир 2027 жылғы 1 қаңтарда басталып, финал 10 қаңтарда Сиднейде өтеді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie