Уругвай мен Иран 2026 жылғы ӘЧ-де қалай ойнады: матчтарға шолу
15 пен 16 маусымға қараған түні G тобының 1-турында Иран мен Жаңа Зеландия құрамаларының, ал H тобының 1-турында Сауд Арабиясы мен Уругвай құрамаларының матчтары өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Иран - Жаңа Зеландия
33-минутта Иран құрамасының қорғаушысы Рамин Резаян есепті теңестірді. Бұған дейін, жетінші минутта, Жаңа Зеландия шабуылшысы Элайджа Джаст есеп ашқан еді. Екінші таймда Джаст дубль жасап, жаңазеландиялықтарды қайтадан алға шығарды, бірақ көп ұзамай «Ростов» жартылай қорғаушысы Мохаммад Мохеби есепті қайта теңестірді. Одан кейін жанкүйерлер бұл матчта гол көрген жоқ, қорытынды есеп – 2:2.
G тобының 2-турында Иран құрамасы Бельгиямен (21 маусым), ал 3-турда – Мысырмен (27 маусым) кездеседі. Жаңа Зеландия 2-турда Мысырға (22 маусым), 3-турда – Бельгияға (27 маусым) қарсы ойнайды.
Сауд Арабиясы - Уругвай
41-минутта Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Абдулела Аль-Амри есеп ашты. 80-минутта Уругвай құрамасының қорғаушысы Араухо Вильчес есепті теңестірді.
2-турда Сауд Арабиясы Испаниямен (21 маусым), 3-турда – Кабо-Вердемен (27 маусым) кездеседі. Уругвай 2-турда Кабо-Вердемен (22 маусым), 3-турда – Испаниямен (27 маусым) ойнайды.