locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Уразбахтин Ақтөбедегі стадионда көрермендерге балағат сөздер айтты

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Уразбахтин Ақтөбедегі стадионда көрермендерге балағат сөздер айтты
ФОТО: Sports24.kz

«Қайраттың» бас бапкері Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясындағы ойында Ақтөбедегі стадионда көрермендерге балағат сөздер айтты.

Екінші таймда Уразбахтин спорттық емес әрекеті үшін сары қағаз алды. Төреші оған сары қағаз көрсетіп кетіп бара жатқанда, Уразбахтин оның артынан тағы бірдеңе айтты. Төреші қайта оралып, қызыл қағаз көрсетті.

Алаңнан шығып бара жатқан «Қайраттың» бапкері трибунаға қарап балағат сөздер айтты.

Енді оны дисквалификация күтіп тұр.

Бұған дейін «Жетісудың» бас бапкері Самат Смақов төрешілер туралы эмоциялық сөздер айтқаны үшін 4 матчқа дисквалификацияланған болатын. Ойыннан кейін ол жұртшылықтың назарын аударып, БАҚ-та шу шығарған төрешілікті қатаң сынға алды.

11-турдың орталық матчында ақтөбеліктер өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, 1:2 есебімен ұтылды.

«Қайрат» үшін бұл жеңіс соңғы төрт кездесудегі алғашқысы болса, «Ақтөбе» қатарынан екінші жеңілісіне ұшырады.

11 турдан кейін «Астана» 27 ұпаймен кестеде көш бастады. «Қайрат» 26 ұпаймен екінші орынға көтерілді. «Ақтөбе» үшінші орынға түсіп, қазір 25 ұпайға ие болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie