locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы ең көп көрермен жиналған матч аталды

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы ең көп көрермен жиналған матч аталды
Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы ең көп көрермен жиналған матч аталды

KazFootball.kz мәліметінше, Қазақстан Премьер-лигасының 11-турындағы жеті кездесуге жалпы саны 36 700 адам келген. Бұл әр матчқа орта есеппен 5 243 көрерменнен келеді.

Аталған турдағы ең көп көрермен жиналған ойын — «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы матч болды. Бұл тартысты кездесуді 12 400 жанкүйер тамашалады. Матч 1:2 есебімен аяқталды.

Ал ең аз көрермен жиналған кездесулер Астанада өткен «Жеңіс» — «Ордабасы» (2:2) және Жезқазғанда өткен «Ұлытау» — «Тұран» (2:1) матчтары болды — әрқайсысында 2 500 жанкүйер жиналды.

11-тур матчтарының көрермендер саны:

1. «Ақтөбе» — «Қайрат» (1:2) — 12 400 көрермен
2. «Елімай» — «Астана» (0:2) — 8 500
3. «Тобыл» — «Атырау» (5:0) — 4 500
4. «Қайсар» — «Жетісу» (2:2) — 3 500
5. «Оқжетпес» — «Қызылжар» (3:2) — 2 800
6-7. «Жеңіс» — «Ордабасы» (2:2) — 2 500
6-7. «Ұлытау» — «Тұран» (2:1) — 2 500

Чемпионат басталғалы бері Премьер-лига матчтарын жалпы 358 159 көрермен тамашалаған. Бұл әр ойынға орташа есеппен 4 592 көрермен келгенін көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie