«Ақтөбе» – «Қайрат» – 1:2. Мінез, драма және Сатпаевтың жеңіс добы. Голдар және матчқа бейнешолу
2025 жылғы 30 мамырда Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасындағы орталық кездесу өтті. Бұл матч шиеленіске толы болып, күтпеген оқиғаларға бай болды (1:2) .
Есепті бірінші болып «Ақтөбе» ашты – 50-минутта Аян Байдәулетов дәл соққысымен командасын алға шығарды. Екінші таймда ойын одан әрі шиеленісе түсті: алдымен төреші «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыконы алаңнан қуды, ал сәл бұрын Дастан Сәтпаевтың голы есепке алынбады.
Сан жағынан кем болғанына қарамастан, алматылықтар жігер танытты. Алдымен Александр Мартынович стандарттан кейін баспен гол соғып, есепті теңестірді. Ал ойынның соңына қарай матчтың басты кейіпкеріне айналған Дастан Сәтпаев жеңіс голын соқты.
Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» 26 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Ақтөбе» 25 ұпаймен үшінші орынға сырғыды.
Назарларыңызға бейнешолуын ұсынамыз.