Максим Зуев «Қайраттың» «Ақтөбе» алаңындағы жеңісі туралы пікір білдірді
Алматылық «Қайраттың» бас бапкерінің көмекшісі Максим Зуев ҚПЛ-дың 11-турындағы «Ақтөбеге» қарсы өткен ойыннан кейін өз ойымен бөлісті. Матчта алматылық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
«Мұнда артық сөздің қажеті жоқ — бәрі бәрін көрді. Ақтөбедегі атмосфера мен жанкүйерлер әрдайым керемет. Екі команда да жоғары деңгейдегі футбол көрсетті. Бірақ біз жеңіске көбірек ұмтылдық. Соңғы үш ойында ұтылып қалғанбыз. Бұл ойында ұпай жоғалтуға хақымыз жоқ еді — жанкүйерлеріміз бізді түсінбес еді».
Бұдан кейін Ақтөбе 25 ұпаймен бірінші орыннан үшінші орынға түсті. «Қайрат» өз кезегінде осы жеңістен кейін 26 ұпаймен кестенің екінші сатысына көтерілді. Сырт алаңда «Елімайды» 2:0 есебімен жеңіп, 27 ұпай жинаған «Астана» көш бастап тұр.
Левчук жеңіліс туралы: Бұл өкінішті және жағымсыз нәтиже.