locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Украина құрамасының ойыншысы ҚПЛ-дегі кез келген клубты күшейте алады» — сарапшы Гуцуляктың «Ордабасыға» ауысуы туралы

«Ордабасы» маусымаралық кезеңдегі ең шулы келісімдердің бірін жасады.
Футбол
Фото: Getty Images

Қазақстанға танымал комментатор әрі сарапшы Дмитрий Нестеренко Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Гуцуляктың шымкенттік «Ордабасыға» ауысуына баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Берн Йонсеның мысалынан-ақ «Ордабасының» ойыншыларды іріктеуге жақсы көңіл бөліп, құрамды нүктелі түрде күшейтуге тырысатынын көруге болады. Алексей Гуцуляктың әлеуетіне баға беру қиын. Ол — Украина құрамасының қазіргі ойыншысы, ресми матчтарға да, жолдастық кездесулерге де шақырылып жүрді. Мансабының басым бөлігін Украина чемпионатында өткізді, бірақ «Шахтер» немесе Киевтің «Динамосы» деңгейіндегі клубтарда ойнаған жоқ. Дегенмен, «Днепр» мен «Карпаты» — мықты командалар. Қазір Украина чемпионатының деңгейін бағалау қиын. Бұл жігіттің ойынын көру қызық болады. Ол шабуылдың оң қапталында ойнайды, ал бұл позицияда Эльхан Астанов пен Жасұлан Әмір бар. Украина құрамасының қазіргі ойыншысы Қазақстан чемпионатындағы кез келген клубтың әлеуетін күшейтетіні анық», — деді Дмитрий Нестеренко.

Бұған дейін Алексей Гуцуляк Қазақстанға қоныс аударғаннан кейінгі алғашқы әсерімен бөлісті . Украина құрамасы ойыншысының нарықтық құны үш миллион еуроға бағаланады. Осылайша, ол Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың бірі атанды.

Бір қызығы, Алексей Гуцуляк MLS пен Жапониядан түскен тиімді ұсыныстардан бас тартып, «Ордабасыны» таңдады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie