locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тухель, орын босат: Каррагер Англия құрамасының жаңа бапкерін атады

Каррагердің пікірінше, Фрэнк Лэмпард «үш арыстанның» тізгінін ұстауы тиіс
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Тухель, орын босат: Каррагер Англия құрамасының жаңа бапкерін атады
ФОТО: Getty Images

Томас Тухельдің Англия ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалуы бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Тұманды Альбионда команда тізгінін ағылшын маман ұстауы тиіс деп санайтын жанкүйерлер көп. Джейми Каррагер де солардың қатарында және ол бұл қызметке кімді лайық деп білетінін Sports24.kz хабарлайды.

«Ливерпуль» аңызы қазіргі уақытта «Ковентри» клубын жаттықтырып жүрген Фрэнк Лэмпардты лайықты кандидат ретінде атады. Ол бұл пікірін экс-«Челси» жартылай қорғаушысының бапкерлік мансабында бірнеше мәрте қиындықтарды еңсеріп, қайта көтерілгенімен дәлелдеді:

«Лэмпард бірнеше ауыр соққы алып, қайта оралып, нағыз мықты бапкер екенін дәлелдеді. Бұл туралы мен бірнеше апта бұрын да айтқанмын: биылғы маусымда ол табысқа жетеді деп үміттенемін, бірақ келешекте Англия құрамасын дәл сол басқаруы мүмкін деп сенемін. Мен негізінен Англия құрамасын ағылшын бапкері басқаруы керек деп есептеймін», — деді Каррагер Sky Sports эфирінде.

Дәл Лэмпардтың жетекшілігімен «Ковентри» АПЛ-ға шықты. Бұған дейін ол «Дерби Каунти», «Челси» және «Эвертон» командаларын да басқарған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie