«Норвич» - «Бернли»: Сәтпаевтың негізгі құрамда шығатыны белгілі болды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың Чемпионшиптің 3-туры аясында «Норвичке» қарсы сырт алаңдағы матчта «Бернлидің» негізгі құрамында шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы матчты алғашқы минуттардан бастайды. Бұл оның Чемпионшиптегі алғашқы негізгі құрамдағы ойыны болмақ.
Англияның екінші деңгейлі дивизионындағы кездесу бүгін, 29 тамызда Норвичтегі «Кэрроу Роуд» стадионында өтеді. Матчтың басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 19:00-де соғылады. Кездесудің бас төрешісі болып Эллиот Белл тағайындалды. Матчтың тікелей трансляциясы осы жерде қолжетімді болады.
«Норвич» әзірге бірде-бір ұпай жинай алмай, Чемпионшип турнирлік кестесінде 23-орында тұр. Ал «Бернли» бір ұпаймен 18-сатыда келеді.
Сәтпаев қазіргі уақытта «бордолылар» сапында екі ресми матч өткізді.
Чемпионшипте «Вест Бромвичке» қарсы ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы алаңға қосалқы құрамнан шықты. Кейін Англия лигасы кубогында «Брэдфордқа» қарсы матчта негізгі құрамда дебют жасады.