locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаевсыз «Бернли» антирекорд орнатты: ағылшын клубында не болып жатыр?

Дастан Сәтпаевсыз «Бернли» тарихи антирекорд орнатты
Футбол
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
25.11.2026, Аяқт.
Бернли
0
Бирмингем
2

Англиялық «Бернли» ұзаққа созылған дағдарыстан шыға алмай келеді. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевсыз команда Чемпионшипте тағы да жеңіліп, жолай ағылшын футболының тарихындағы жағымсыз рекордты жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

17-турда Фабио Челестини шәкірттері өз алаңында «Бирмингемге» 0:2 есебімен есе жіберді. Бұл жеңіліс «бургундиялықтардың» өз алаңындағы жеңіссіз сериясын жалғастырды - ол бір жылдан астам уақытқа созылып келеді.

«Бернли» жанкүйерлері соңғы рет команданың өз алаңындағы жеңісін 2025 жылғы 18 қазанда тойлады. Ол кезде клуб Премьер-лигада өнер көрсетіп, «Лидстен» 2:0 есебімен басым түскен еді. Одан кейінгі 403 күнде команда ел біріншілігінде өз алаңында 24 матч өткізіп, 12 рет жеңіліп, тағы 12 рет тең түсті.

Осылайша, «Бернли» өз алаңында қатарынан 23 кездесуде жеңіске жете алмаған «Шеффилд Уэнсдейдің» антирекордынан асып түсті.

Сәтпаевтың өзі бір айдан астам уақыт алаңға шыққан жоқ. 18 жастағы шабуылшы ағылшын клубы сапындағы соңғы матчын 24 қазанда өткізіп, «Линкольн Ситиге» қарсы сырт алаңдағы ойынға (1:4) негізгі құрамда шықты. Жамбастың артқы бұлшықеті қайта жарақаттанғандықтан, қазақстандық футболшы Чемпионшиптің бес турын, сондай-ақ ұлттық құраманың қарашада Молдова мен Словакияға қарсы өткізген матчтарын жіберіп алды.

20 қарашада шабуылшының футболшыға құқығы тиесілі лондондық «Челсиге» оралғаны белгілі болды. Қазір ол елордалық клубтың медициналық штабының бақылауымен қалпына келу курсынан өтіп жатыр. Оның алаңға оралу мерзімі әзірге белгісіз.

Тамызда «Бернлиге» ауысқалы бері Сәтпаев жеті матчқа қатысқанымен, әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Ал ағылшын клубының Чемпионшиптегі жеңіссіз сериясы сегіз матчқа жетті. Осы аралықта команда төрт рет жеңіліп, тағы төрт рет тең түсті. 17 турдан кейін 11 ұпай жинаған «Бернли» турнир кестесінде 23-орында, яғни соңғының алдындағы сатыда тұр және Англияның үшінші деңгейлі дивизионына түсіп қалу қаупі бар.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie