Сенсация: «Бернли» Сәтпаевпен бірге бірінші таймнан кейін «Норвичтен» ойсырай ұтылып жатыр
Дастан Сәтпаев «Бернли» құрамында Чемпионшиптің 3-туры аясында «Норвичке» қарсы сырт алаңдағы матчта өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы ойынды алғашқы минуттардан бастады. Бұл оның Чемпионшиптегі матчта негізгі құрамда алғаш рет шығуы және жаңа командасындағы қатарынан екінші негізгі құрамдағы ойыны болды. Жалпы, Дастанның «Челсиден» жалға ауысқаннан кейінгі алаңға үшінші рет шығуы.
Алайда бірінші тайм Сәтпаевтың командасы үшін нағыз соққы болды. «Бордолылар» 21-минутқа дейін үш гол жіберіп алды. Туре дубль жасаса, тағы бір голды Брукс соқты.
Командалар үзіліске алаң иелерінің 3:1 есебіндегі басымдығымен кетті. Джош Лорент есеп айырмасын қысқартып, матчтағы интриганы қайта жандандырды.
Дастанға келер болсақ, ол белсенді ойын көрсетті: қарсылас қақпасына бір соққы жасап, бірнеше рет қарсыласын жеке-дара алдап өтті.