Тарихи голдар да құтқармады: «Кайрат» «Копенгагенге» қарсы матчтан кейін қай орында тұр?
«Кайраттың» Копенгагендегі матчтан кейінгі турнирлік жағдайы
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Reuters
Бесінші турда өткен «Копенгагенге» қарсы ойын «Қайрат» үшін тағы бір ауыр сынақ болды. Сәтпаев пен Байбектің тамаша екі голы матчтың соңын шиеленістіргенімен, алматылықтар есепті теңестіре алмай, маңызды ұпайдан тағы да қағылды – 3:2.
Бес турдан кейін команда активінде әлі де бір ғана ұпай бар. Чемпиондар Лигасының жаңартылған жалпы кестесінде «Қайрат» 35-орында тұр - бұл клубтардың ішіндегі соңғыдан бір саты жоғары орын.
Алда «Қайраттың» жағдайды жақсартуға берілетін мүмкіндігі бар. 9 желтоқсанда алматылықтар Чемпиондар Лигасының 6-турында «Астана Аренада» Грекияның «Олимпиакос» клубын қабылдайды.