locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қорқып қалдық па?» . Уразбахтин «Копенгагендегі» алғашқы таймдағы масқараны ашық айтты

Уразбахтин Копенгагендегі бірінші тайм неге күйреп қалғанын ашық айтты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қорқып қалдық па?» . Уразбахтин «Копенгагендегі» алғашқы таймдағы масқараны ашық айтты
ФОТО: Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар Лигасының бесінші турындағы «Копенгагенге» қарсы сырттағы ойынның (2:3) себептерін ашық талдап, команда бұл кездесуді өз қолымен қиындатып жібергенін жасырмады.

Бапкердің айтуынша, матч тағдырын шешкен басты мәселе - дәл бірінші таймдағы сескенген, сенімсіз ойын.

«Маған қандай есеп болса да, жеңілу - әрдайым ауыр. Бірақ шындықты айтсақ, 70-ші минутқа дейін біз тым әлсіз, тым жайбарақат ойнадық. Батылдық та, прессинг те, агрессия да жетіспеді. Ең өкініштісі - мұның бәрі біз 0:3 болып жатқанда ғана пайда болды. Ойынға қосылған жігіттер матчты жандандырды - оны да өздеріне айттық. Үзілісте де ескерттік: көрсетіп жатқан ойын - тең есепке де, жеңіске де жеткіліксіз. Чемпиондар Лигасында бұлай ойнауға болмайды. Бірінші тайм - біз талап ететін футболға мүлде ұқсамады», - деді Уразбахтин QSport-қа берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы минуттардағы қуатты серпін мен Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбектің голдарына қарамастан, есепті теңестіру мүмкін болмады - 3:2.

Бес турдан кейін «Қайрат» Чемпиондар Лигасының жалпы кестесінде 1 ұпаймен 35-орында қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie