locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ерлік жасадық, бірақ ұпай жоқ: қазақ жас жұлдыздарының камбэгіне қарамастан, «Қайрат» Копенгагенде жеңіліс тапты

ЧЛ-да екі қазақ гол соқты, бірақ кереметке бір қадам жетпей қалды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ерлік жасадық, бірақ ұпай жоқ: қазақ жас жұлдыздарының камбэгіне қарамастан, «Қайрат» Копенгагенде жеңіліс тапты
ФОТО: Кайрат

ЧЛ-ның бесінші турындағы матч «Қайрат» үшін ауыр басталып, дәл сондай ауыр аяқталды - 3:2. Дегенмен алматылықтар Копенгагеннен тарихи нәтиже сыйлады: алғаш рет ЧЛ-дк екі қазақстандық ойыншы гол соқты.

Ойын тізгінін «Копенгаген» бірінші минуттардан-ақ өз қолына алып, жоғары қарқында бастады. Есеп алғашқы таймда ашылды. Үзілістен кейін жағдай күрделене түсті: 58-минутта Ларссон пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Тайм ортасында алматылықтардың қорғанысы тағы сыр беріп, Роберт айып алаңы сызығының үстінен дәл соққымен айырманы үш допқа ұлғайтты - 3:0.

Интригa жойылғандай көрінген, бірақ дәл осы тұста қазақ футболының тарихи сәті басталды.

78-минутта 17 жастағы Дастан Сатпаев өзінің мансабындағы ең жарқын сәтті жасады. «Копенгаген» қорғанысының өрескел қателігін пайдаланып, допты қалт жібермей бұрышқа жұмсақ бағыттады - 3:1. Бұл - Сатпаевтың ЧЛ-дағы тұңғыш голы әрі биылғы маусымдағы қазақстандық ойыншының алғашқы дәл соққысы.

Алматылықтар мұнымен тоқтамады. 90-минутта алаңға тың күш ретінде шыққан Олжас Байбек командаласының пасын сәтті жалғастырып, қақпашыны қапы қалдырды - 3:2. Осылайша ол бүгін ЧЛ-де гол соққан екінші қазақстандық атанды.

Қос гол және соңғы минуттардағы қарқын матчтың тағдырын өзгертуге жетпеді. «Копенгаген» есепті сақтап қалып, жеңісті уысынан шығармады - 3:2.

Чемпиондар Лигасы. 5 тур

«Копенгаген» – «Кайрат» – 3:2 (1:0)

Голдар: Дадасон, 26; Ларссон, пен., 58; Роберт, 73 — Сәтпаев, 78; Байбек, 90+

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie