locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бәріне Сәтпаев кінәлі». «Копенгаген» қақпашысына жаппай қоқан-лоқы жасалып жатыр

«Кайратпен» матчтан кейін жағдай полицияға дейін жетті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Бәріне Сәтпаев кінәлі». «Копенгаген» қақпашысына жаппай қоқан-лоқы жасалып жатыр
ФОТО: Қайрат ФК

«Копенгаген» клубы «Қайратқа» қарсы өткен Чемпиондар Лигасының бесінші турынан кейін күтпеген даудың ортасында қалды. Матчтағы бір эпизод Дастан Сәтпаевтың тарихи голына ұласқаннан кейін, дат клубының қақпашысы Доминик Котарски әлеуметтік желілерде ауыр қысым мен тікелей қауіп-қатерге тап болды. Осыған байланысты клуб ресми түрде жедел мәлімдеме жасады.

Ресми хабарламада қорқынышты жайттар егжей-тегжейлі көрсетілген.

««Қайратқа» қарсы матчтан кейін Доминик Котарскиге әлеуметтік желілерде ауыр мазмұндағы хабарламалар келді. Олардың ішінде – ойыншыны, оның отбасын, жүкті жұбайын және болашақ баласын өлтіреміз деген тікелей қорқыту сөздері бар. Барлық материалдар полицияға тапсырылды», - делінген мәлімдемеде.

Дат клубы мұндай әрекетті футболмен еш байланысы жоқ, адамгершілікке жат іс деп бағалап, өз ойыншысын толық көлемде қорғайтындарын атап өтті.

Еске салайық, матчтың соңғы бөлігінде Котарскидің қателігін Дастан Сәтпаев шебер пайдаланып, есепті қысқартқан болатын. Бұл гол қазақ футболы үшін тарихи сәтке айналды - Қазақстаннан шыққан футболшы алғаш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie