locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Басында қаймықтық». Дастан Сәтпаев «Копенгаген» матчында «Қайратты» не сындырғанын ашық айтты

«Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев ойын соңындағы шындықты айтты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Басында қаймықтық». Дастан Сәтпаев «Копенгаген» матчында «Қайратты» не сындырғанын ашық айтты
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайраттың» шабуылшысы әрі Чемпиондар Лигасында гол соққан алғашқы қазақ атанған 17 жастағы Дастан Сәтпаев Копенгагендегі тарихи матчтан кейін әсерімен бөлісіп, неге команда соңғы минуттарда толықтай қысым жасай алмай қалғанын түсіндірді.

Форвардтың айтуынша, алғашқы таймда-ақ «Қайраттың» есеп ашатын сәттері болды, алайда тәжірибенің аздығы мен ойын сенімсіздігі шешуші рөл атқарған.

«Мүмкіндіктер жетерлік болды. Бірақ, әрине, тәжірибе аздау сезілді. Шамалы тайсалдық, ойынды батыл қабылдай алмадық. Бұл – талдау жасап, жұмыс істеп, өзімізге сенімді арттыруды талап ететін нәрсе», – деді Дастан.

Ойынның соңғы бөлігіндегі жарқын камбэк туралы айта отырып, Сәтпаев команда 2 гол соғып, қарсыласқа қысым жасағанымен, одан да көп нәтижеге жете алатынын мойындады.

«Қыспаққа алуға болатын еді. Тек ойынға ертерек кірісу керек болды. Алғашқы минуттардан батыл, агрессивті ойнауға жүрек жетпеді. Қателіктерді талдаймыз, келесі матчта мүлде басқа қарқынмен бастауға тырысамыз», - деп түйіндеді ол.

Матч 3:2 есебімен «Копенгагеннің» пайдасына аяқталғанымен, дәл осы соңғы минуттардағы жігерлі ойын – алматылықтардың биылғы маусымдағы ең жарқын үзінділерінің бірі болды.

Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтпаев өзінің тарихи голын қалай соққанын айтып, Доминик Котарскидің қателігін «сезіп», эпизодты инстинктпен аяқтағанын жеткізген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie