locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Болашақ жұлдыз». Фабрицио Романо Сәтпаевтың Чемпиондар Лигасындағы голына тәнті болды

Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтың голына баға берді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Болашақ жұлдыз». Фабрицио Романо Сәтпаевтың Чемпиондар Лигасындағы голына тәнті болды
ФОТО: Қайрат ФК

Чемпиондар Лигасындағы Дастан Сәтпаевтың тарихи голы Қазақстаннан тыс аймақтарда да кең талқыланып жатыр. Бұл жолы эпизодқа әлемдегі ең беделді футбол инсайдерлерінің бірі - Фабрицио Романо назар аударды.

Әйгілі журналист жас шабуылшының жетістігін ерекше атап өтіп, «Челсидің» оған неге баса мән бергенін түсіндірді.

«Дастан Сатпаев - Чемпиондар Лигасында гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы. Ол «Челсимен» алдағы жылдарға келісімшартқа қол қойды және клубтың ең үлкен таланттарының бірі саналады», - деп жазды Романо.

17 жастағы форвард үшін бұл гол бір сәтте оның есімін әлемдік спорт медиасына шығарған оқиға болды. Еске салайық, 2025 жылдың басында «Челси» Сатпаевты €4,3 млн-ға сатып алған еді. Ал жасына байланысты шектеулерге сәйкес, футболшы 2026 жылдың тамызына дейін «Қайрат» сапында қалып, негізгі командада толыққанды тәжірибе жинақтайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie