«Барселона» мен «Реал» Эль Класикоға негізгі құрамдарын жариялады
Каталония астанасындағы матч Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Футбол
ФОТО: Getty Images
Ла Лига Испания
Live, 9'
Барселона
0
Реал Мадрид
0
26 қазанға қараған түні испан футболындағы басты текетірес — «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы кездесу өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Принципті қарсыластар Испания чемпионатының 2026/27 маусымындағы оныншы тур аясында кездеседі. Матч Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Ханси Флик пен Жозе Моуринью Каталония астанасындағы матчқа шығатын негізгі құрамдарын жариялады.
«Барселона» бұл текетіреске Испания чемпионатының көшбасшысы мәртебесінде келеді: команда тоғыз турдан кейін 27 ұпай жинаған. Мадридтік «Реал» 21 ұпаймен үшінші орында тұр.

