Суперкомпьютердің 13-тур КПЛ матчтарына болжамы: «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбеге» не күтіп тұр?
Таңқаларлығы, «Ордабасы» мен «Елімай» жекпе-жегінде — айқын аутсайдер
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
13 маусымда халықаралық үзілістен кейін Қазақстан Премьер-лигасының ойындары қайта басталады, ал аналитиктер чемпионаттың 13-турындағы басты кездесулерге болжам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD суперкомпьютерінің есебіне сәйкес, 13-турға ең сенімді кіретін команда... «Елімай». Бұл команда «Ордабасыға» қарсы ойнайды. Семейліктердің бұл матчтағы жеңіске жету ықтималдығы — 77%, ал үш ұпайдың Шымкентке кету мүмкіндігі небәрі 8%. Тағы 15% - ойын тең аяқталады деп бағаланған.
Басқа да маңызды матчтардың болжамы төмендегідей:
«Қайрат» — «Атырау»
- «Қайрат» жеңеді: 38%
- Тең ойын: 26%
- «Атырау» жеңеді: 36%
«Жетісу» — «Оқжетпес»
- «Жетісу» жеңеді: 34%
- Тең ойын: 26%
- «Оқжетпес» жеңеді: 41%
«Астана» — «Ертіс»
- «Астана» жеңеді: 43%
- Тең ойын: 25%
- «Ертіс» жеңеді: 31%
«Ақтөбе» — «Алтай»
- «Ақтөбе» жеңеді: 40%
- Тең ойын: 26%
- «Алтай» жеңеді: 34%
Айта кетейік, халықаралық үзіліске дейін көшбасшы болып «Ордабасы» кірді — «Қайраттан» екі ұпайға алда және бір ойыны артық. Үздік үштікті «Оқжетпес» түйіндеп тұр.
