locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Суперкомпьютер КПЛ клубтарына Конференциялар лигасының бастауында үкім шығарды

«Астана», «Тобыл» және «Елімай» кем дегенде бір кезеңнен өтуі тиіс
Суперкомпьютер КПЛ клубтарына Конференциялар лигасының бастауында үкім шығарды
ФОТО: Getty Images

Көп ұзамай қазақстандық клубтар Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Олардың мүмкіндіктері қандай? Sports24.kz бұл сұраққа суперкомпьютерден болжам сұрады.

FMD есептеулері бойынша, «Астана» «Динамо Сити»-ге, ал «Елімай» «Алашкерт»-ке қарсы матчтарда фаворит саналады. Дегенмен, елордалық ұжымның басымдығы айқын (өтетін ықтималдық – 72%), ал семейліктердің мүмкіндігі сәл ғана жоғары (өтетін ықтималдық – 51%).

Үшінші іріктеу кезеңіне өтуге «Тобылдың» да мүмкіндігі зор: қостанайлықтардың «Паневежис»-тен өту ықтималдығы 61% деп бағаланды.

Айта кетейік, бұған дейін «Сутьеска»-мен матчқа да «Қайрат» үшін суперкомпьютер болжам берген болатын.

ФОТО: Getty Images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie