locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеудегі алғашқы қарсыластарын білді

Беларусь пен Албания элиталық раундқа жолдама үшін бәсекелеседі
ФОТО: КФФ

19 маусымда УЕФА-ның штаб-пәтерінде футзалдан әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл рәсімде Қазақстан құрамасы да өз қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Какау шәкірттері Беларусь және Албания құрамаларымен күш сынасады. Қазақстан бұл командалардың әрқайсысымен екі реттен — өз алаңында және сырт алаңда, 2026 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында кездеседі.

Айта кетейік, негізгі кезеңде тек элиталық раундқа жолдамалар сарапқа салынады. Тікелей элиталық раундқа өту үшін топты бірінші орынмен аяқтау немесе екінші орын алған үздік төрт команданың қатарына кіру қажет.

Екінші орын алған қалған сегіз команда элиталық раундқа төрт жолдаманы плей-офф кезеңінде сарапқа салады. Іріктеудің соңғы сатысында 20 команда бес топқа бөлінеді, әр топта төрт командадан болады.

Әлем чемпионатына тек топ жеңімпаздары тікелей жолдама алады, ал екінші орын алған үздік төрт команда плей-офф кезеңіне өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie