Хакими қылмыстық сотқа тартылады: ПСЖ көшбасшысының реакциясы жарияланды
ПСЖ мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими зорлау ісі бойынша Францияның қылмыстық сотына тартылады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Le Parisien мәліметінше, фланг ойыншысының ісі Версаль апелляциялық сотының шешімімен қылмыстық сотқа берілді. Бұл тергеу судьясының биылғы ақпанда қабылдаған қаулысына сәйкес жүзеге асты.
«Тергеу және сот процесі барысында жүргізілген әрекеттер тергеу алқасына мырза Ашраф Хакими Мухқа қатысты айыптауды қылмыстық сотқа жолдауға жеткілікті дәлелдер бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді», — делінген апелляциялық соттың мәлімдемесінде.
Мароккалық ойыншы үнсіз қалмақ емес
Хакими өзі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында сот отырысын асыға күтіп жүргенін, болған оқиға туралы шындықты айтқысы келетінін жеткізді:
«Әділдік маған көз тастап: „Егер сен танымал адам болмағаныңда, бұл іс тіпті қозғалмас еді“, — деді. Көп жыл бойы үндемей жүруді таңдадым. Абыройымды сақтап, сабырлы болу және әділдікке сену дұрыс шешімді қабылдауға жол ашады деп ойладым.
Бүгінде менің емес, бөтен оқиға менің отбасымның, өмірімнің және, ең бастысы, шындықтың есебінен жарияланып жатыр. Кейде өзімді оңай олжаға айналғандай сезінемін. Бұл сотты алғаш күннен-ақ күттім. Енді оны ынтыға күтіп отырмын. Ақыры өз ойымды ашық айта аламын».
- Тағы оқыңыз: «Біз қуаныштымыз». Хакими Мароккоға Африка чемпионы атағы берілгеніне қатысты пікір білдірді
Не болды?
Валь-де-Марн департаментінің полициясына жүгінген жәбірленуші Хакимимен 2023 жылдың қаңтарында Instagram әлеуметтік желісі арқылы танысып, футболшы өзі шақырған VTC көлігімен оның үйіне барғанын айтқан.
Оның сөзінше, Хакими оны сүйіп, келісімінсіз сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасап, кейін зорлаған. Жас әйел оны итеріп, құрбысына SMS жазып жіберген, ал құрбысы келіп, алып кеткен.
Кейін Хакимиге айып тағылып, ол сот бақылауына алынған. Ақпанда бұл іс сотқа ресми түрде тапсырылды.