Азия Чемпиондар лигасының матчында төреші мас болды деген күдікпен үзілісте ауыстырылды
«Әл-Жазира» (БАӘ) мен ирандық «Гол Гохар» арасындағы Азия Чемпиондар лигасы 2 матчында тосын оқиға болды. Бас төреші алкогольдік масаң күйде болды деген айыптаулардан кейін бірінші таймнан соң ауыстырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтың бас төрешісі сириялық Ханна Хаттаб болды. 32-минутта ол алаң ортасындағы ереже бұзушылықты тіркеді, бірақ артынша эпизодқа қатыспаған «Әл-Жазира» қақпашысы Эрсин Дестаноглуға күтпеген жерден сары қағаз көрсетті. Футболшылар наразылық білдіргеннен кейін ескерту жойылды.
Үзілісте «Гол Гохар» өкілдері төрешінің жағдайы қалыпты емес екенін айтып, ол ауыстырылмаса, екінші таймға шықпайтынын ескертті. Нәтижесінде үзілістен кейін матчты қосалқы төреші жалғастырды.
Матчтан кейін ирандық клубтың директоры Хайдар Афсари «Әл-Жазира» футболшылары да төрешінің мас болуы мүмкін екенін айтқанын, ал матч инспекторы бұл күдікті растағанын мәлімдеді. Алайда Азия футбол конфедерациясы айыптауларды әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Матч «Әл-Жазираның» 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Жалғыз голды бразилиялық Андерсон Талиска соқты.