locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Almaty Open ATP тарапынан мойындалып, 2026 жылғы ATP 250 санатындағы үздік турнир атанды

Қазақстан турнирі 28 қарсыласынан озып, Даниил Медведев жарыстың екі дүркін чемпионы атанған алғашқы ойыншы болды
Теннис
Almaty Open ATP тарапынан мойындалып, 2026 жылғы ATP 250 санатындағы үздік турнир атанды
ФОТО: ФТК

Almaty Open 2026 ATP 250 санатындағы «Жыл турнирі» беделді марапатына ие болды. 17-25 қазан аралығында Алматыда өткен халықаралық турнир Қазақстан тарихында алғаш рет маусым қорытындысы бойынша өз санатындағы үздік жарыс деп танылды, деп хабарлайды Sports24.kz

Марапат кәсіби теннисшілердің дауыс беруі нәтижесінде табысталды. Жеңімпазды анықтау кезінде турнирдің ұйымдастырылуы, инфрақұрылым сапасы және ойыншыларға жасалған жағдай ескерілді. Almaty Open ATP 250 санатындағы тағы 28 жарыстан, соның ішінде Швецияның Nordea Open және Stockholm Open турнирлерінен озып шықты.

2026 жылы Almaty Arena корттарында бірнеше танымал теннисші өнер көрсетті. Олардың қатарында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев, Стефанос Циципас, Карен Хачанов және Андрей Рублев бар.

Турнирдің басты қаһарманы Медведев болды. Ресейлік теннисші финалда Грузия өкілі Николоз Басилашвилиді 6:7 (6:8), 6:1, 6:3 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты жеңіп алды. Осылайша ол Almaty Open турнирінің жекелей сындағы екі дүркін чемпионы атанған алғашқы ойыншы болды. Сонымен қатар, теннисші мансабында алғаш рет бір турнирдегі титулын қорғады. Бұл Медведев үшін мансабындағы 25-ші және маусымдағы төртінші жүлде болды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик те сәтті өнер көрсетті. Ол ширек финалда Хачановты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда тізесінен алған жарақатына байланысты финалға шығу үшін күресті жалғастыра алмады.

Жарыстың ең әсерлі сәттерінің бірі Михаил Кукушкиннің кәсіби тенниспен қоштасуы болды. Қазақстандық теннисші Циципасқа қарсы соңғы матчын өткізіп, туған жеріндегі жанкүйерлерінің алдында ұзақ жылғы мансабын аяқтады.

Жұптық сында үндістандық Юки Бхамбри мен америкалық Райан Сеггерман жеңімпаз атанды.

Ұйымдастырушылар спорттық бағдарламаға қоса, инфрақұрылым мен қатысушыларға арналған сервисті де назардан тыс қалдырмады. Кешен аумағында жаттығу корттары, демалыс және қалпына келу аймақтары, сондай-ақ ашық терраса жабдықталды. Қонақтарға автограф-сессиялар, шоу-бағдарламалар және түрлі интерактивті алаңдар әзірленді.

Айта кетейік, ATP Awards-тың өзге санаттарында 2026 жылдың үздік турнирлері Rolex Shanghai Masters (ATP Masters 1000) және Qatar ExxonMobil Open (ATP 500) болды.

Тек Beeline абоненттеріне — Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді алғашқы ғарыштық мобильді байланыс.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie