«Барыс» Континенттік хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы сырт алаңдағы турнеге қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Команда Тольятти — Магнитогорск — Ярославль — Мәскеу бағыты бойынша келесі құраммен жолға шығады:
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Алихан Асетов, Джастин Бэйли, Мәди Диханбек, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Алихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Айта кетейік, Михаил Кравец шәкірттерін сырт алаңдағы турне аясында төрт матч күтіп тұр:
16 қыркүйек, 20:00 «Лада» — «Барыс»;
18 қыркүйек, 19:00 «Металлург» — «Барыс»;
20 қыркүйек, 19:00 «Локомотив» — «Барыс»;
22 қыркүйек, 21:30 «Динамо» Мәскеу — «Барыс».
Еске салайық, «Барыс» ҚХЛ-дағы жаңа маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Астаналық команда өз алаңында хабаровскілік «Амурға» есе жіберді.