locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирінен түсетін табысының жартысына жуығынан айырылады: мәні неде?

АҚШ-тың салық заңнамасы қатал әрі аяушылықсыз
Рыбакина US Open турнирінен түсетін табысының жартысына жуығынан айырылады: мәні неде?
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі үшін алған жүлде қоры 5,5 миллион долларды құрады, алайда әлемнің жаңа бірінші ракеткасының қолына оның бәрі түспейді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мәселе мынада: Рыбакина жүлдеден салық төлеуі тиіс. Оның ішінде 30% федералдық салық және Нью-Йорк штатының бюджетіне 15,5% салық төленеді. Бұл сәйкесінше 1,65 және 0,865 миллион долларды құрайды.

Сондықтан Рыбакина жүлде қорының 2,5 миллион долларын АҚШ бюджетіне аударуға мәжбүр болады, ал қолына америкалық валютада үш миллион долларға жетер-жетпес қаржы алады.

Қалай болғанда да, Қазақстанның бірінші ракеткасы әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық жүлде чегіне ие болды. Өйткені жүлде мөлшері алғаш рет ерлер арасындағы турнирде триумф жасаған Александр Зверевтің табысымен теңесті.

Ал әйелдер арасындағы жұптық разрядта теннисшілер жалпы сомасы 37 миллион долларға жетпейтін жүлде қорын сарапқа салды — бұл ерлер арасындағы көрсеткішпен бірдей.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie