Солтүстік Македония – Қазақстан матчының үздік ойыншысы анықталды
Қараман мен Сейсен - Қазақстан құрамасындағы үздіктер
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KFF
Солтүстік Македониямен (1:1) өткен әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі кездесуден кейін Sofascore порталы қазақстандық ойыншылардың бағаcын жариялады.
Матчтағы ең жоғары ұпайды қақпашы Сейсен мен Дінмұхамед Қараман алды - екеуінің де бағасы 7.8. Сейсен кездесуде 5 сейв жасап, бірнеше қауіпті соққыны қайтарды, ал Қараман ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Жақсы ойын көрсеткендердің қатарында Нұралы Әліп (7.6), Ғалымжан Кенжебек (7.4) және Әлібек Қасым (7.0) бар. Ең төмен баға алғандар - Бақтиер Зайнутдинов (6.6), Қайыров (6.4) және Чесноков (6.5).
Скопьедегі тең нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен топтық кестеде төртінші орнын сақтап қалды.
