«Ақтөбе» Николай Костовтың болашағына қатысты шешім қабылдады
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің ассистенті Әли Әлиев футбол клубы «Ақтөбенің» бас бапкері лауазымына үміткерлер тізіміне кірмейді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, клубтың бапкерлер құрамында мүмкін болатын кадрлық өзгерістер маусым соңында ғана қарастырылатын болады. Қазіргі уақытта «Ақтөбе» басшылығы болгариялық маман Николай Костовқа сенім білдіріп отыр.
Бұған дейін Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткен еді. Кейінірек ол Қазақстан құрамасын уақытша басқарған Талғат Байсуфиновтің штабына қосылды.
Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Скопьеде Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады, жеті ұпай жинап, әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі J тобында төртінші орнын сақтап қалды.