locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жоғары деңгей»: Македонияда Қазақстан құрамасының ойынына риза болды

Маңызды кездесуге сарапшы пікірі
«Жоғары деңгей»: Македонияда Қазақстан құрамасының ойынына риза болды
ФОТО: Getty Images

Солтүстік Македония құрамасының бұрынғы қорғаушысы Игор Митрески Sports24.kz порталына берген сұхбатында Қазақстанға қарсы ойыннан (1:1) алған әсерімен бөлісті.

«Бұл толық трибуналар алдында өткен қызықты матч болды. Менің ойымша, Қазақстан өте жоғары деңгейде ойнады: допты тартып алуда да, қарсы шабуылда да мықты көрінді, бұл туралы македондық баспасөз де жазуда. Ал біздің ойыншылар бельгиялықтармен (0:0) өткен кездесуден кейін шаршады. Бұрыштан басқа тек бірнеше сәт қана жасай алдық, бірақ, бақытымызға орай, Барди айып добынан гол соқты.

Қазақстандықтарға құрмет білдіремін, дегенмен тең нәтиже – әділ шешім деп есептеймін. Енді бізге Уэльске қарсы ойнау керек, сондықтан екінші орын үшін күресті жалғастырамыз», – деді Мәскеу «Спартакының» бұрынғы ойыншысы.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы ӘЧ-ның іріктеу кезеңінің сегізінші турындағы матчта Дінмұхамед Қараман мен Энис Барди гол авторы атанды. Осылайша, Қазақстан жеті ұпаймен төртінші, ал Македония екінші орынға жайғасты (J тобы).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie