locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қараманның керемет голы да көмектеспеді: Қазақстан мен Солтүстік Македония әлем чемпионаты-2026 іріктеуінде тең түсті

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең ойнады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KFF

13-нен 14 қазанға қараған түні Скопье қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Солтүстік Македония мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч өтті. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші тайм тең дәрежеде өрбіді. Қазақстан құрамасы допқа иелік ету және соққы жасау бойынша басым болды, алайда гол соғуға мүмкіндік болмады. Екінші таймның басында Талғат Байсуфинов шәкірттері алға үлкен мотивациямен шықты және 54-минутта Дінмұхамед Қараман қайшылап тұрып гол соғып, құрама сапындағы дебюттік голын соқты.

Алайда қазақстандықтар артықшылықты сақтай алмады - 74-минутта Барди есепті теңестіріп, алаң иелеріне бір ұпай әкелді.

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңі, J тобы

Солтүстік Македония – Қазақстан – 1:1 (0:0)

Голдар: Барди, 74 (1:1). Қараман, 54 (0:1).

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 7 ұпай болды. Келесі матч 15 қараша күні Астанада Бельгия құрамасына қарсы өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie