Шотландиялық төрешілер бригадасы Лихтенштейн – Қазақстан ойынын басқармақ
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Gettyimages
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн мен Қазақстан арасындағы екінші тур ойыны 25-тен 26 наурызға қараған түні өтеді. Кездесу Вадуц қаласындағы «Райнпарк» стадионында ойналып, Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады.
Бұл матчқа Шотландиядан төрешілер тағайындалды. Бас төреші – Джон Битон, оған көмекші ретінде Дэниэл Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Дэвид Дикинсон атқарады.
VAR жүйесінің жұмысына Кевин Клэнси жауап береді, ал оған Даниялық көмекші төреші Йонас Хансен қолдау көрсетеді.
23 наурызда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльске 1:3 есебімен жол берді, ал Лихтенштейн Солтүстік Македониядан 0:3 есебімен жеңілді.