Шұғыл: АПЛ клубы «Челсиге» Сатпаев бойынша ұсыныс жасады
АПЛ клубы лондондық «Челсиге» Дастан Сатпаевты жалға алу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Британдық The Sportzine басылымының мәліметінше, ағылшын футболының элиталық дивизионына қайта оралған «Халл Сити» Дастанды жалға алу үшін «зәйтүндерге» өз ұсынысын жолдады. Лондондық клубтың бұл ұсынысқа жауабы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, «Халл Сити» өткен маусым қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасына қайта оралып, жаңа маусымды элиталық дивизионда бастайды.
Еске сала кетейік, жазғы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарында Сатпаев «Челси» сапында үш матчқа қатысты. Қазақстандық футболшы Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы өткен ойында гол соғып, ағылшын клубына 6:4 есебімен жеңіс сыйлады. Бұдан кейін шабуылшы «Тоттенхэм» (1:2) және «Ювентус» (0:1) командаларына қарсы кездесулерде де алаңға шықты.
Сонымен қатар, 8 тамыз күні лондондық клуб кезекті жолдастық кездесуін маусымға дайындық барысында «Миланға» қарсы өткізеді.