locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев «Тоттенхэмге» қарсы матчта қандай баға алды?

Қазақстандық вингер алаңдағы 20 минутында айтарлықтай ерекшеленген жоқ
Сатпаев «Тоттенхэмге» қарсы матчта қандай баға алды?
ФОТО: Getty Images

Австралиядағы маусымалды турнесі аясында өткен «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы матчта Дастан Сатпаевтың алған бағасы белгілі болды (1:2), деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан жастар құрамасының 17 жастағы вингері «ақсүйектердің» негізгі құрамына енбей, 70-минутта Лондон клубы сапында Эстеваоны алмастырды.

Алаңда небәрі 20 минуттан сәл артық уақыт өткізген Дастан айтарлықтай көзге түсе алған жоқ. Қазақстандық вундеркинд қарсылас қақпасына соққы жасай алмады, сондай-ақ қауіпті сәттер туғызатын айтарлықтай әрекет те көрсете алған жоқ.

Оның финалдық үшінші аймақтағы пас дәлдігі – 50% (2/4). Жалпы пас дәлдігі – 82% (9/11). Livescore порталы Сатпаевтың ойынын орташа 6.3 балға бағалады.

Айта кетейік, Хаби Алонсо командасы сапындағы ең жоғары бағаны гол авторы Эстевао иеленді – 7.2 балл.

Сондай-ақ, «ақсүйектер» үшін «Тоттенхэмге» қарсы ойын Австралиядағы биылғы маусымалды турнесіндегі екінші кездесу болды.

28 шілдеде лондондықтар Сиднейде жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен кездесті. Бұл ойында «Челси» 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сол матчта Сатпаев жаңа командасы сапындағы алғашқы ойынында алғашқы голын соқты.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie