locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Каннаваро күтпеген жерден Өзбекстан құрамасынан кетуге жиналды: не болды

Азия футбол билігінің күтпеген шешімінен кейін аты аңызға айналған италиялық қорғаушының ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі болашағы талқыға түсті.
Футбол
Каннаваро күтпеген жерден Өзбекстан құрамасынан кетуге жиналды: не болды
Фото: Getty Images

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро Азия кубогының өту мерзімі кейінге шегерілуіне байланысты қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Романоның ақпаратына сүйенсек, 53 жастағы италиялық маман ұлттық құрамамен ынтымақтастықты мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ықтимал кетудің себебі — бастапқыда 2027 жылдың қаңтар–ақпан айларында өтуі тиіс болған Азия кубогының мерзімі өзгертілуі.

Азия футбол конфедерациясы турнирді іс жүзінде бір жылға кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Енді Сауд Арабиясында өтетін жарыс 2027 жылдың 23 желтоқсанынан 2028 жылдың 21 қаңтарына дейінгі аралыққа жоспарланған.

Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығы тараған ақпаратты бірден жоққа шығарды. Ұйым өкілдері Каннавароның ұлттық құрамамен жұмысын жалғастырып жатқанын және қолданыстағы келісімшарты бар екенін атап өтті.

Ұлттық құрамалар бөлімінің басшысы Усман Тошев те алдағы Ресейге қарсы жолдастық матчта команданы дәл италиялық маман басқаратынын растады.

Еске сала кетейік, Каннаваро Өзбекстан құрамасын 2025 жылдың қазан айында қабылдаған болатын. Оның басшылығымен ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты, алайда Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасынан жеңіліп, турнирді ұпайсыз аяқтады.

Италиялық маманның Өзбекстан футбол қауымдастығымен келісімшарты «2+3» форматы бойынша жасалған. Бұл ынтымақтастықты тағы үш жылға ұзартуға мүмкіндік береді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie