locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородов «Спартакта» ма? Сарапшы трансфердің жайттарын ашып айтты

Мәскеулік клуб қазақстандық шабуылшыны алуға тырысты
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: ФК Ахмат

Ресей чемпионатының негізгі тактикалық сарапшыларының бірі Александр Дорский «Ахмат» шабуылшысы Максим Самородовтың Мәскеудің «Спартак» клубына өту ықтималдығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Самородов үшін «Спартак» бонустарды қоса алғанда сегіз миллион еуроға дейін төлеуге дайын екенін жазған болатын.

«Анық, Максим Самородов – қымбат ойыншы, тіпті РПЛ-дің үздік клубтары үшін де. «Зенит», «Краснодар» және «Спартак» әдетте лига ішінде «Ахматтың» Максим үшін сұрап отырғандай ірі сомаларды жұмсамайды. «Ахмат» тарапынан Самородов үшін €10 млн сұрауы – толықтай орынды. «Ахматтың» шабуыл шебінде өте мықты топ жиналған, ал олардың ішінде Максим Самородов – тиімділігі бойынша Эгаш Касинтурдан кейін екінші орында. Сонымен қатар, Самородов стандартты жағдайларда да гол соға алады. Максимнің ойыны маған өте ұнайды және ол өз өнерімен дәулеттілеу ресейлік командаға ауысуға лайық. «Ахмат» оны қымбатқа сатуға тырысады. Сондықтан, менің ойымша, бұл трансферлік терезеде Максим Самородовтың «Ахматтан» кететініне сенбеймін, бірақ егер кетсе – бұл толықтай лайықты болар еді. Өйткені, өткен маусымда Максим Самородов өте жоғары деңгейде ойнады», - деді Александр Дорский.

Өз кезегінде Самородов мәскеулік клуб өкілдерімен байланыс болмағанын айтқан еді. Грозныйлық «Ахматтың» спорт директоры Руслан Газзаев та тараптардың келіссөздер жүргізгенін жоққа шығарған жоқ, алайда трансфер түрлі себептерге байланысты жүзеге аспады.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Максим Самородовтың қазіргі нарықтық құны €3 млн. Өткен маусымда шабуылшы 34 матч өткізіп, 5 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie