Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты: мыңыншыға қанша қалды?
Криштиану Роналду 2026/2027 маусымын Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Аль-Риядқа» қарсы матчта ашты және португалиялық жаңа маусымға ерекше сәтті қадам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл ойында ол алаңда жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт өткізді, бірақ дәл осы уақыттың өзі-ақ оған мансабындағы 977-ші голын соғуға жеткілікті болды — Роналду допты айнала қабылдап, қақпаға дәл бағыттады. Португалиялықтың бұл голы қарсыласты түбегейлі тізе бүктіріп, матч 4:0 есебімен аяқталды.
Сауд Арабиясы чемпионатының екі турынан кейін Роналду мен оның командасы ұпай да, гол да жоғалтқан жоқ, жалпы есеп — 7:0 және олар турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Үйлену тойынан кейін Роналду 2026/2027 маусымы кәсіби футболшы ретіндегі соңғы маусымы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол аяқ киімін шегеге ілген соң немен айналысатынын да алдын ала айтып өтті: толығырақ мына жерден оқи аласыз.