Мансабын аяқтап, күтпеген жерден оралды: Қазақстан құрамасы жұлдызды ойыншымен күшейді
Қазақстан футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матч алдында күтпеген жерден күшейді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұған дейін халықаралық мансабын аяқтағанын мәлімдеген Дуглас Жуниор ұлттық құраманың орналасқан жеріне келді.
Ойыншының оралғанын Қазақстан құрамасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тиісті видеоны жариялау арқылы растады.
Бразилияда туған ойыншы 2025 жылы ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеген еді, алайда енді командаға қайта оралу туралы шешім қабылдады.
Дуглас Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген болып қала береді. Ол 91 матчта 65 гол соққан. Клуб деңгейінде ойыншы Сауд Арабиясының «Аль-Ула» командасында өнер көрсетеді.
Оның оралуы Беларуське қарсы іріктеу кезеңіндегі текетірес қарсаңында жүзеге асты. Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы матч 20 қазанда Астанада өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.