locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күрт шешім: Луиш Нанидің алдағы жоспары белгілі болды

«Ақтөбе» тәжірибелі португалдықтың мансабындағы соңғы клуб болады
ФОТО: Актобе

«Ақтөбенің» тәжірибелі жартылай қорғаушысы Луиш Нанидің алдағы жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Match KZ арнасының хабарлауынша, 39 жастағы жартылай қорғаушы ағымдағы маусым аяқталған соң Ақтөбе клубынан кетеді. «Ақтөбе» тәжірибелі португалдықтың мансабындағы соңғы клуб болады деп хабарланды. Ақтөбеден кеткеннен кейін ол кәсіби футболшы ретіндегі мансабын аяқтайды.

Еске салайық, Нани Қазақстанға 2026 жылдың басында көшіп келген болатын. «Ақтөбе» сапында Португалия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» аңыз ойыншысы алаңға 23 рет шығып, 3 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

«Ақтөбеден» бөлек, Нани клуб деңгейінде «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» және басқа да клубтардың намысын қорғады. 39 жастағы португалдық клуб деңгейінде 615 матч өткізіп, 130 гол соққан.

Португалия ұлттық құрамасы сапында шабуылдағы жартылай қорғаушы 112 матч өткізіп, 24 гол соқты.

Айта кетейік, 27 турдан кейін «Ақтөбе» ҚПЛ турнирлік кестесінде 45 ұпаймен төртінші орында тұр. 17 қазанда Игорь Черевченко шәкірттері чемпионат көшбасшысы «Ордабасымен» өз алаңында кездеседі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie