Ресми: Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен даниялық Якоб Банк (20-0, 11 KO) арасындағы титулдық жекпе-жектің өтетінін ресми түрде растады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы титулы сарапқа салынады.
«Келісім жасалды. Әлімханұлы мен Банк WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады! Бұл текетірестен не күтуге болады?» — делінген ұйымның X әлеуметтік желісіндегі жарияланымында.
Бұған дейін WBO боксшылар командаларына жекпе-жек өткізу жөнінде келісу үшін 7 қазанға дейін уақыт берген еді. Титул британдық Хамза Шираз Әлімханұлына қарсы белдігін қорғаудан бас тартып, чемпиондық белбеуді босатқаннан кейін вакантты болып қалды.
Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы пікір білдірді: орта салмақтағы WBC әлем чемпионы Карлос Адаместің басшысы Дана Уайт UFC жетекшілерінің бірі болып табылатын Zuffa Boxing-ке ауысуына қатысты ойын айтты.