«Этихадтағы концерт»: Хусанов ойнаған «Ман Сити» алты гол соғылған матчта ПСЖ-дан жеңілді
15 қазанға қараған түні «Манчестер Сити» УЕФА Чемпиондар лигасының екінші турында «Пари Сен-Жерменді» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның басталуы «қалалықтар» үшін нағыз соққы болды. ПСЖ бірінші таймның басында-ақ үш гол соқты. Есепті Дезире Дуэ ашса, екінші голды Усман Дембеле енгізді. Ал Витинья қонақтардың басымдығын ірі есепке жеткізді. Командалар үзіліске Париж клубының пайдасына 3:0 есебімен кетті.
Екінші таймның басында Эрлинг Холанд есеп айырмасын қысқартты, алайда бірнеше минуттан кейін Манес Аклиуш интриганы біржола жойды. Холанд тағы бір гол соққанымен, оның добы матч тағдырына әсер ете алмады. Нәтижесінде Еуропаның үздік командасы Манчестерден 4:2 есебімен жеңіспен қайтты.
Екі турдан кейін ПСЖ-ның еншісінде 6 ұпай бар. «Ман Ситидің» 3 ұпайы қалды.
УЕФА Чемпиондар лигасы
2-тур
«Манчестер Сити» – ПСЖ 2:4
Голдар: Холанд, 53, 75 – Дуэ, 13, Дембеле, 15, Витинья, 32, Аклиуш, 62



