«Реал» Мадрид - «Арсенал» - 1:2. Мартинеллидің ойын соңында салған жеңіс голы! Голдар және матчқа бейнешолу
16-17 сәуірге қараған түні мадридтік «Реал» мен «Арсенал» (1:2) арасындағы Чемпиондар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойынның басында мадридтіктердің жас қорғаушысы Рауль Асенсио өз қақпасына пенальти әкелді, бірақ трибунаның ысқырығының астында қалған Букайо Сака допты голға айналдыра алмады.
65-минутта Букайо Сака Куртуамен бірге-бір шығып, бұл жолы одан басым түсті. Бірақ екі минуттан кейін Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Ойын аяқталуға жақын қалғанда, Мартинелли «Арсенал» үшін жеңіс голын салды.
Нәтижесінде «зеңбірекшілер» екі кездесуде де «Реалды» ұтты. Қорытынды есеп 5:1 болды.
Чемпиондар лигасы. 1/4 финал. 17 сәуір
«Реал» Мадрид (Испания) - «Арсенал» (Англия) - 1:2 [алғашқы матч 0:3]
Голдар: Винисиус, 67 - Сака, 65, Мартинелли, 90+3.
Салынбаған пенальти: Сака, 13 («Арсенал»).
Матчқа бейнешолу: