«Рексхэм» – «Бернли»: құрам, тікелей эфир
«Бернли» Англия Чемпионшипінің алтыншы туры аясындағы матчта «Рексхэмнің» алаңына қонаққа келді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Мидлсбромен» болған матчта алған жарақатына байланысты бүгін кешке ойнамайды. Кездесудің соңына қарай Дастан алаңнан ауыстырылып, ойыннан шығар алдында жамбасының артқы бөлігін ұстап жүрген. Жарақатына байланысты қазақстандық футболшы келесі «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа өтінімге енбеді. Кейін оның бірнеше апта бойы ойыннан тыс қалатыны белгілі болды.
Англияның екінші деңгейлі дивизионындағы матчтың басталу ысқырығы Астана уақытымен 23:45-те естіледі. SPORT12.KZ «Рексхэм» – «Бернли» матчын тікелей эфирде көрсетеді.
Бес турдан кейін «Бернли» екі ұпай жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігіне, дәлірек айтқанда, 23-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Сатпаев «Челсиден» жалға алу негізінде «Бернли» сапында өнер көрсетеді. «Мидлсбромен» өткен алдыңғы кездесуде қазақстандық футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, 81 минут ойнады. Матч 1:1 есебімен аяқталды, ал Дастан өз командасының ең көзге түскен ойыншыларының бірі болды.