locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасында аңыз хоккейші Роман Старченко қызметке тағайындалды

Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Азия чемпионаты алдында Талғат Жайлауовтың жаттықтырушылар штабына қосылды
Хоккей
Қазақстан құрамасында аңыз хоккейші Роман Старченко қызметке тағайындалды
ФОТО: КФХ

Қазақстан хоккейінің аңызы Роман Старченко ұлттық құрамадағы жұмысын жалғастырады, алайда енді жаңа қызметте. «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы команда бас бапкерінің көмекшісі атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

40 жастағы маман үшін бұл кәсіби деңгейдегі ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейінгі жаңа кезең болмақ. 2026 жылдың жазында Старченко үлкен хоккейден кететінін мәлімдеген еді. Осыдан кейін ол астаналық «Номадтың» жаттықтырушылар штабына қосылды.

Енді құраманың бұрынғы капитаны Талғат Жайлауов жетекшілік ететін ұлттық командаға көмектеседі. Жаңартылған штаб құрамына сондай-ақ бапкер Константин Пушкарев, қақпашылар бапкері Александр Смелянец, видеобапкер Владислав Белан және дене дайындығы бойынша бапкер Игорь Елисеев кірді. Құраманың бас менеджері қызметін Олег Болякин атқаруды жалғастырады.

Қазақстан құрамасы үшін ең жақын сынақ 5-8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтетін Азия чемпионаты болмақ. Турнирге Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары да қатысады.

Қазақстандықтар жарысқа қатарынан екі дүркін чемпион мәртебесінде келеді. 2024 жылы ұлттық құрама Алматыда өткен үйдегі турнирде алтын медаль жеңіп алса, 2025 жылы Бейжіңде титулын қорғады.

Роман Старченко деген кім

Старченко көп жыл бойы Қазақстан хоккейінің көшбасшыларының бірі болған шабуылшы. Ол «Барыс» сапында 17 маусым өткізіп, бір клуб үшін өткізген матчтар саны бойынша ҚХЛ рекордын орнатты — 819 ойын. Жалпы лигада форвард 871 кездесу өткізіп, 215 шайба соқты және 209 нәтижелі пас берді.

Қазақстан құрамасы сапында Старченко әлем чемпионаттарының 18 турниріне қатысты. Оның он жарысы элиталық дивизионда өтті. Сонымен қатар ол екі рет Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Азия чемпионатында да топ жарды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie