«Бернли» Сатпаевсыз «Рексхэмді» жеңе алмады
«Бернли» Англия Чемпионшипінің 6-туры аясындағы матчта «Рексхэмнің» алаңына қонаққа барды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Мидлсбромен» өткен матчта алған жарақатына байланысты бүгін кешке өз командасының өтініміне енбеді.
Сатпаевсыз «Бернли» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінің түбінен көтерілуге ниетті еді. Бірінші таймның ортасында Зеки Амдуни «бордолыларды» алға шығарды. Осылайша командалар үзіліске қонақтардың минималды басымдығымен кетті.
Алайда екінші таймның басында-ақ «Бернли» гол жіберіп алып, басымдығынан айырылды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. «Бордолылар» жаңа маусымда әлі жеңіске жеткен жоқ және турнир кестесінің соңғы сатысында (3 ұпай) қалып отыр.
Чемпионшип, 6-тур
«Рексхэм» – «Бернли» 1:1
Голдар: Экоми, 55 – Адмуни, 26.