locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реалдың» сәтсіз маусымынан кейін Мбаппе мен Винисиус құны төмендеді

Мбаппе, Винисиус және Вальверде трансферлік бағасында ондаған миллион еуро жоғалтты
«Реалдың» сәтсіз маусымынан кейін Мбаппе мен Винисиус құны төмендеді
ФОТО: Getty images

Transfermarkt порталы Испания Ла Лигасындағы футболшылардың нарықтық бағасын жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаңартудан кейін мадридтік «Реалдың» бірден бірнеше жұлдызының трансферлік құны төмендеп, бұл футбол әлеміндегі басты талқылаулардың біріне айналды.

Мбаппенің бағасы 20 миллион еуроға түсті

Ең көп құн жоғалтқан ойыншы - француз шабуылшысы Килиан Мбаппе болды.

Енді Transfermarkt «Реал» форвардын 180 миллион еуроға бағалап отыр. Бұған дейін оның нарықтық құны 200 миллион еуро болған еді.

Соған қарамастан, Мбаппе жеке статистика бойынша сәтті маусым өткізді. Француз шабуылшысы аяқталған маусымда барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Винисиус пен Вальверде де арзандады

Мбаппеден бөлек, мадридтік клубтың тағы екі көшбасшысы да бағасын жоғалтты.

Бразилиялық вингер Винисиус Жуниордың құны 10 миллион еуроға төмендеп, 140 миллион еуроны құрады.

Ал уругвайлық жартылай қорғаушы Федерико Вальверде бірден 30 миллион еуро жоғалтып, қазіргі таңда 90 миллион еуроға бағаланып отыр.

«Реал» маусымды ірі трофейсіз аяқтады

Мадридтік клуб Испания чемпионатын 86 ұпаймен екінші орында аяқтады. Чемпион атанған «Барселона» 94 ұпай жинады.

Чемпиондар лигасында «Реал» ширек финалда тоқтап, екі матч қорытындысы бойынша «Баварияға» 3:6 есебімен жол берді.

Сонымен қатар мадридтіктер Испания Суперкубогының финалында да «Барселонадан» жеңілді. Ал Испания Кубогында үшінші дивизион өкілі «Альбасетеден» сенсациялық түрде ұтылып, жарысты ерте аяқтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie