locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Криштиану деңгейіндегі трансфер»: «Реал» 150 млн еуролық келісімді жариялады

Флорентино Перес АПЛ-дан емес жұлдызбен келісімшарт жасайды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес өзі жариялаған 150 млн еуроға жасалатын трансфер туралы кейбір мәліметтерді ашып айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сонымен қатар, «Корольдік клубтың» басшысы қай футболшыны алатынын нақты атамады.

«Олисе ме? Керемет футболшы, бірақ ол емес. Басқа ойыншы. Бұл жартылай қорғаушы не шабуылшы. Холанд па? Жоқ, ол да емес. Доку да емес. Бұл ойыншы – нағыз супержұлдыз. Адамдар сенбейді! Қаржы жағынан бұл – Криштиану деңгейіндегі трансфер. Менің жаңа ойыншым АПЛ-дан емес болады. Бұл – жас футболшы», – деп келтіреді Перестің сөзін Madrid Xtra.

Басылымның хабарын Фабрицио Романо да растады.

«Реал» Криштиану Роналдуды 2009 жылдың жазында 94 млн еуроға сатып алған еді.

Алда үлкен «тазарту» ма?

Журналист Рамон Альварестің ақпаратына сүйенсек, Моуринью мадридтік клуб басшылығына Эдуарду Камавинга, Родриго және Франко Мастантуоно оның жоспарында жоқ екенін жеткізген. Сол сияқты Фран Гарсия, Рауль Асенсио мен Дани Себальос португалиялық бапкердің қол астында болашақтары жоқ.

«Реалда» сайлау 7 маусымда өтеді

Мадридтік клубта президенттік сайлау 7 маусымда өтеді. Флорентино Перестің басты қарсыласы – испандық кәсіпкер Энрике Рикельме болмақ.

Бұған дейін «Реалдың» басшысы Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор мен Джуд Беллингемнің клубтағы болашағы туралы да пікір білдірген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie