locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровтың жеңісіне қалай көмектескенін айтты

Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровтың қолдауы туралы айтты
Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровтың жеңісіне қалай көмектескенін айтты
ФОТО: IG Бибісара

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева беделді Norway Chess турнирі кезінде өзіне қолдау көрсетіп жүрген өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров туралы айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Асаубаева бұл жолы жарыс барысында жанында өзіне жақын адамның болуы ерекше әсер бергенін мойындады. Оның айтуынша, мұндай қолдау тек моральдық тұрғыда ғана емес, партияларға дайындық кезінде де үлкен көмегін тигізіп жатыр.

Қазіргі таңда Жавохир Синдаров Ослода Бибісарамен бірге жүр. Айта кетерлігі, ол Norway Chess турнирінің ерлер арасындағы бәсекесіне қатысып жатқан жоқ.

Қазақстандық шахматшының сөзінше, жақын адамдардың жанында болуы жарыс кезінде өзіне сенімділік сыйлайды.

«Жұма күні мұнда анам да келеді. Қасыңда жақын жандарыңның болғаны өте ерекше сезім сыйлайды. Меніңше, бұл - Жавохир менімен бірге келген алғашқы турнир. Оның өзі бұл жарыста ойнамаса да, маған үлкен қолдау көрсетіп жүр. Тіпті дебюттер бойынша да көмектеседі», - деді Асаубаева Norway Chess YouTube-арнасына берген сұқбатында.

ФОТО: chesswood

Жұп қарым-қатынастарын Үміткерлер турнирінде кезінде байқатты

Бұған дейін Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаровтың қарым-қатынасы 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде кезінде қызу талқыланған болатын.

Сол жарыста қазақстандық шахматшы екінші орын иеленсе, Синдаров ерлер арасындағы турнирдің жеңімпазы атанған еді.

Асаубаева Norway Chess турнирінде топ жарды

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Norway Chess әйелдер турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы соңғы турға дейін-ақ бірінші орынды қамтамасыз етіп, қомақты сыйақыға ие болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie