locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реалдың» 150 млн еуролық жаңа жұлдызы кім болады? Негізгі кандидаттар белгілі болды

Перес 150 млн еуроға алғысы келетін жұлдыздардың есімдері жарияланды
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» жаңа маусым қарсаңында құрамды ауқымды түрде күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Испаниялық БАҚ мәліметінше, клуб президенті Флорентино Перес алдағы трансферлік терезеге арналған басты мақсаттарын анықтап қойған.

Перес жаңа «Реал» үшін үш жұлдызды таңдады

As басылымының хабарлауынша, мадридтік клубтың қысқа тізіміне бірден үш топ-деңгейдегі футболшы енген. Олар - ПСЖ жартылай қорғаушылары Витинья мен Жоау Невеш, сондай-ақ «Бавария» вингері Майкл Олисе.

Дереккөздің мәліметінше, Перес осы ойыншылардың біріне шамамен 150 млн еуро жұмсауға дайын. Алайда клубтың басты трансферлік мақсаты әзірге құпия сақталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Майкл Олисе трансфер жайлы қауесеттерге пікір білдіріп, өзін «Баварияда» жайлы сезінетінін айтқан болатын.

ФОТО: Getty images

«Реал» Дюмфрис трансферіне жақын

Сонымен қатар мадридтіктер басқа позициялар бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

БАҚ мәліметіне сәйкес, «Реал» «Интер» және Нидерланд құрамасының қорғаушысы Дензел Дюмфриспен келіссөздерді аяқтаған.

Хабарламада мадридтік клуб футболшының келісімшартындағы 20 млн еуролық өтемақы сомасын төлеуге дайын екені айтылған. Ал Дюмфрис өз кезегінде «Реалға» ауысуға келісім берген.

Трансфердің ресми түрде жақын күндері жарияланатыны күтілуде.

ФОТО: Getty images

Конате «Реалға» тегін ауысуы мүмкін

«Реалдың» тағы бір ықтимал жаңа ойыншысы ретінде француз қорғаушысы Ибраима Конатенің есімі аталып отыр.

Дереккөздердің мәліметінше, «Ливерпуль» футболшысы мадридтік клубқа еркін агент ретінде ауысуға бір қадам қалды.

Клубтағы трансферлік белсенділік аясында президенттік сайлау да жақындап қалды.

Дауыс беру 7 маусым күні өтеді. Флорентино Перестің басты қарсыласы - испаниялық кәсіпкер Энрике Рикельме.

ФОТО: Getty images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie