locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бибісара Асаубаеваның Norway Chess турниріндегі жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды

Бибісара Асаубаева Norway Chess турниріндегі жеңісі үшін 36 млн теңгеден астам қаржыға ие болды
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Бибісара Асаубаеваның Norway Chess турниріндегі жеңісі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: IG Бибісара

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess әйелдер турнирінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанып, қомақты сыйақыны да өзіне қамтамасыз етті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Отандасымыз соңғы турға дейін-ақ қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Қазіргі таңда Бибісараның еншісінде 16,5 ұпай бар және бұл көрсеткіш оны ешкімнің қуып жетуіне мүмкіндік бермейді.

Бибісара 36 млн теңгеден астам сыйақы алады

Турнир жеңімпазына ұйымдастырушылар 700 000 норвег кронын тағайындаған.

Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 36,4 млн теңгені құрайды.

Бибісараның ең жақын қарсыласы - украиналық Анна Музычук. Оның активінде 11,5 ұпай ғана бар, сондықтан соңғы тур нәтижесі чемпиондық тағдырын өзгерте алмайды.

ФОТО: ҚШФ

Турнирдің жалпы жүлде қоры

Norway Chess әйелдер турнирінің жалпы жүлде қоры 1 690 000 норвег кронын құрайды.

Екінші орын иегері 350 000 крон алса, үшінші орын үшін 200 000 крон қарастырылған.

Айта кетерлігі, Norway Chess турнирінің инвесторларының бірі - «Манчестер Сити» шабуылшысы әрі Норвегия құрамасының жұлдызы Эрлинг Холанд.

Норвегиялық футболшы шахматты дамыту және турнирдің танымалдылығын арттыру мақсатында жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie