locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін қомақты сыйақы алды

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін миллиондар тапты
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы жеңісі үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астана қаласының күрес федерациясы құрлық біріншілігінде топ жарған балуанға 1,5 миллион теңгелік сертификат табыстады.

Ризабек финалда қарсыласын тас-талқан етті

Өткен айда Айтмұхан Вьетнамда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында жарқын өнер көрсетіп, 125 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді.

Финалда қазақстандық балуан үндістандық Лакиді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, айқын басымдық танытты.

Оған дейін Ризабек өзбекстандық Отабек Назирбоевты 11:1, ал қырғызстандық Жагалан Будашаповты 14:4 есебімен сенімді түрде ұтқан болатын.

Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды

Қазақстандық спортшының жетістігі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланды. Бұған дейін Біріккен күрес әлемі ұйымы (UWW) Ризабек Айтмұханды мамыр айының қорытындысы бойынша еркін күрестегі әлемнің үздік балуаны деп таныған еді.

ФОТО: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте сәтті нәтиже тіркеді.

Отандастарымыз құрлық додасында 7 алтын, 10 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie